Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Қыз баланың сұлулығы

Қыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында.

Қыз баланың сұлулығы,жүргенінде,
Әдеппенен жымыйып күлгенінде,
Өсек аяң,әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.

Қыз баланың сұлулығы адалдығы,
Жан-жағына тимесе жамандығы,
Байқалмаса шық бермес сараңдығы,
Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.

Қыз баланың сұлулығы батылдығы,
Анадан текті туған асылдығы,
Ата-ананың қадірін бағалайтын,
Ерке тотай,болмаса масылдығы.

Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі,
Таза болса ары мен жандүниесі.
Ата-ана ақылын мүсе тұтса,
Айдан анық атына шаң тимесі.

Қыз баланың сұлулығы ұятында,
Тәлім алса қарашаңырақ ұясында,
Сабырлы боп кішіпейіл,қарапайым,
Қор болмайды өмір атты қиясында.

Қыз баланың сұлулығы көздерінде,
Инабатты,ибалы сөздерінде,
Болашақ жарыменен бақытты боп,
Айдынында қос аққудай жүзгенінде.

Қыз баланың сұлулығы шаштарында,
Қиылған қою қара қастарында,
Орныменен серуендеп достарымен,
Қырық үйден тыйым болса жас шағында.

Қыз баланың сұлулығы мейірімде,
Арам ойы болмаса пейілінде.
Ашық шашық көрсетпей абыройын,
Қазақилық болса егер киімінде.

Қыз баланың сұлулығы білімінде,
Ойға түйген ортадан ілімінде,
Алла деп соғып тұрған жүрегінде,
Аналық пәктік болса сезімінде!!!

Авторы:Самал Балтабаев Таңбайұлы
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Crookers Remedy  Для дочери  Crookers Embrace The Martian  Мятные  Забудь её  А мусоргский бухал 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен