балапан қаз (исполнитель: халық әні)
Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер, Желіге асау құлын байлаған жер. Көзіме от-жалындай көрінеді, Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер. Е-е-й, ахау сабаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз. Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер, Қаракөз бойын сылап түзеген жер. Көзіме от-жалындай көрінеді, Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер. Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер, Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер. Көзіме от-жалындай көрінеді, Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер. Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер. Көзіме от-жалындай көрінеді, Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.