Қазағым (терме) (исполнитель: terme☊ Мейрамбек Беспаев)

Дүние қызыл, жасылды
Сан ұрпақ саған бас ұрды
Толқында толқын қазақтың
Топырақ жүзін жасырды

Өткізіп қилы ғасырды
Ырысым жатқа шашылды
Тау менен тасқа соқтым мен
Халқым деп ғазиз басымды

Ноғайлы болып аңырадым
Отырар болып қаңырадым
Ақтабан болып шұбырып
Далада қалды-ау, саңлағым

Семей де болып сенделдім
Ертіс те болып емделдім
Қасыретіңмен қайысып
Қызығыңды кем көрдім

Нарын да болып ұлыдым
Арал да болып құрыдым
Желтоқсан болып борадым
Лақтырып тағдыр құрығын

Төрі ме деп жұмақтың
Дүние сені ұнаттым 
Асан Қайғыны зарлатып
Яссауиды жылаттым

Кесіле жаздап тілім-ей
Үзіле жаздап ділім де-ей
Қиямет қиын жылдармен
Тұралап жеттім бүгінге

Тағдырдың шәлке сұрағы-ай
Көңілде күй боп тұр әлі-ай
Бөлініп қалған даламнан
Бейіттер үнсіз жылап-ей

Дүние-ай сені не етермін
Мен де-ағы бір күні өтермін
Керуенде керуен ұзаған
Бабаларыма жетермін

Дүние-ай сені не етермін
Көз жұмар мәңгі жетер күн
Сайында сайын даламды
Кімдерге тастап кетермін

Жүрегін жаудың қақ тілген
Алшайтып тұрып ат міңген
Қазақ деп мұңға баттым мен
Қазақ деп жылап жаттым мен

Көзімде мұңның табы бар
Ерінімде шөлдің зары бар
Жетім ботадай боздадым
Сөз ұғар біреу табылар

Алдыма түсті-ау жабылар
Жабылардан да жалығар
Қазақтың зарын айтты-ау деп
Мені де жоқтар сағынар

Қазақтың зарын айтты-ау деп
Мені де жоқтар сағынар...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
SPYAIR - Sakura mitsu tsuki  Shen zgvas gavxar irakli charkviani  Ягода arab mc  Jandro Selim Faxo  Необернусь вслед  Сява-на  Своиму  Passengers safety briefing 
О чем песня
terme☊ Мейрамбек Беспаев - Қазағым (терме)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен