Жалгыз озин керексин маган (исполнитель: Baller & Bagi)

Көзімді ашсам да, жұмсам да – өзің,
Бәріне төзетін қалмады төзім.
Жалғыз өзің керексің маған,
Бұл әнім арналады, жаным, саған.
Келші кешікпей сен қасыма,
Қоншы бақытым болып менің басыма.
Аялап ұстайын сені қолымда,
Өзіңді елестетші менің орнымда.

Қ-сы:
Мен ұмыттым өзгелерді сені көргелі,
Түсіме енудесің сені білгелі.
Өмірім өзіңсіз – ауыр, күрделі,
Жәбірлемеші, өтінемін, бір мені.

Қиялға берілмеймін, шындықпен өмір сүремін,
Келмеске кетіп едің, неліктен сені күтемін.
Ешқашан көгермейді “махаббат” атты көктемің,
Бояуын өзгертіпті ақ-қараға деп білемін.
Жүректің жартысын өзіңменен алып кеттің,
Күзде ұшқан құстардай қай жағаға ұшып жеттің?
Қария күткендей жастығын көктемді күтемін,
Жылыса жағалауым ұшып келер деп сенемін.
Жартылай соққан жүректің жағдайы қиын,
Босады өзіңсіз суық қабырғалы үйім.
Сезінген менің күйім беймәлім өзгелерге,
Таптама жүрегімді, аяқпен езбелеме.
Бауыр бастым саған, үйреніппін өзіңе,
Шексіз қарай беремін суреттегі жүзіңе.
Қоярға жер таппаймын шырылдаған жанымды,
Ұйқысыз қарсы алдым келесі бір таңымды.

Қ-сы: (x4)
Мен ұмыттым өзгелерді сені көргелі,
Түсіме енудесің сені білгелі.
Өмірім өзіңсіз – ауыр, күрделі,
Жәбірлемеші, өтінемін, бір мені.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Blue October  Вера доброе утро  Вот тот  Toni braxton-yesterday  Иван Дорн лова лова  САТАНИСТЫ 
О чем песня
Baller & Bagi - Жалгыз озин керексин маган?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен