Өмірдің көп талғамы (исполнитель: Neron (Atyrau Town) feat Kadem (BANDANA))
Өмірдің көп талғамы Күнде өзгерістер, өмірдің көп талғамы, Үміттің де шыдамы көп: мың үзіліп, мың жалғанып. Қадамдасам да алға, сынақтар шалар, жалғандық, Сығырайған шырақтарым бірде өшіп, бірде жанды. Құлыпталмаған сыр сандық, құпияларымыз артық, Айлық қаражатымызды әрі-бері жүрміз тартып. Сұрауымыз күнде артып, амалдарымыз нығайып, Тәуекелмен басқан аяқтарымыздан кейде тайып. Жақынымыз болса ғайып сол үшін ғана қол жайып, Тілейміз дұға Тәңірден жоқ секілді бізде айып. Біріміз кетсек байып, қасымызда күн сайын Жүрген жанды ұмытамыз біз үшін бәріне дайын. Көңіл аудар, бұйымтайың қажеті жоқ басқасына, Адам үшін жасыл қағаз – бұл ғасырда бас қазына. Сүйіп шертер аспазыңа саусақтарыңды қоясың, Ашуды басар музыка деп сабырлыққа тоясың. Қ-сы: (х2) Жаман жерде байқалады жақсы зат та, кейде байлық, Самал желге шайқалатын өміріміз кейде қайық. Арманымыз болса – Каспий, амалымыз – Жайық, Ұмытқанбыз дұға айтуды алақанымызды жайып. Есімдесің, ақшаға теңескен адамның өмірі, Жүремін жалғыз өзім көңілді. Отбасым, достарымның Тілеймін өмірін. Қалтам тесік, сынған есік, Өмірдің басы – бесік, жеті ата білмеген – жесір. Ақша жаулады санаңды, Барлығы бір-біріне қараңғы. Мені түсінбесең, жетпеген әлі сенің санаң, Сені сүйетін адам бар, ол – анаң. Аяғынан сүй, құшақтап кешірім сұра, Әке-шешеңмен ешқашан қарсы болма. Сүйікті әйеліңді анаңнан жоғары қойма, Ана – қаталанбайтын, ол – «Алтын адам.» Есіңде болсын, әрбір тыңдарман, Махаббатқа лайықты тек қана анаң. Қ-сы: (х4) Жаман жерде байқалады жақсы зат та, кейде байлық, Самал желге шайқалатын өміріміз кейде қайық. Арманымыз болса – Каспий, амалымыз – Жайық, Ұмытқанбыз дұға айтуды алақанымызды жайып.