Адамдық қасиет болмаса Нұртуған жырау (исполнитель: Әлихан Дүйсенбай)

«Адамдық қасиет болмаса» Нұртуған жыраудың термесі

"Адамдық қасиет болмаса,
Түзелмейді біреу сөккенмен. 
Азаматтыққа жатпайды,
Өз туысын жек көрген.
Жалғыздық жанға жараспас,
Үй жақсы қонақ көп келген. 
Үлкенді сыйлап қадірле,
Көп біледі көп көрген.
Солардың болсын айтқаны
Көбісі бастан өткерген."
Бай малын баққан бабамыз
Бір жапырақ күлше үшін,
Қалтырап жүріп шекпенмен.

Қадірле маңдай теріңді,
Далаға шашып төккеннен.
Жақсының аты өшпейді,
Дүниядан келте көшкенмен.
Жаманның бары белгісіз.
Сортапқа егін шықпайды,
Мәпелеп қанша сепкенмен.

Адал досқа бол риза,
Бар ықыласын білдіріп,
Сыйласады өпкенмен-ей.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Наши лабайк  Любимый Заида джамбиева  Вера Шобосоева наманшалан  1 Klas die letzte nacht  Эти огни горят но нас никто не найдет лови  Ну что же ты вся горишь меня нежно целовав  А мне не снилось как стреляют по стеклу машин  Неругай меня мама 
О чем песня
Әлихан Дүйсенбай - Адамдық қасиет болмаса Нұртуған жырау?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен