Айтуым керек болсада (исполнитель: Asia)
Өзіңмен қалсам кезігіп Ғажайып бір күй туатын Екеуміз ғана сезініп Екеуміз ғана ұғатын Екеуміз ғана ұғатын Айтуым керек болса да Сөз табу қиын мұндайда Айым-ау мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма Алаулап нұрың жүзіңнен Ботадай көзің мөлдіреп Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп Наздана күлсең сыңғарлы-ай Жадырап жаның жанары Жаңбырдың соңы қырлардай Дүние кетер жаңарып Дүние кетер тазарып Айтуым керек болса да Сөз табу қиын мұндайда Айым-ау мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма Алаулап нұрың, жүзің де Ботадай көзің мөлдіреп Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп А-а-а-а-а-а-а Айым-ау мен сені сүйем Өзіңе қалсам тіл қатып Зымырар қаным тулатып Сондағы ойым-арманым Ғажайып күйін жырлатып Ляззатқа кетсек бір батып Айтуым керек болса да Сөз табу қиын мұндайда Айым-ау мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма Алаулап нұрың, жүзің де Ботадай көзің мөлдіреп Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп А-а-а-а-а-а Айым-ау, айым-ау, айым-ау мен сені сүйем