Mononoke Hime (исполнитель: Aidos Eraly)

Сенің әлемің мен үшін тым қорқынышты болар,
Сана-сезімің өзгермейді өкінішке орай,
Бала кезіңнен теңізсің кездейсоқ тасып толар,
Көрген-білгенің дайын емес адамдарға таңдай қақтырар

Біздің кинолента әзірге тым қысқа, оны өзім де білем
Алғашқы түсінбестіктің болғаны кеше ғана, күрсінбеймін, күлем
Бұлыңғыр Happy End, сонда да тыңдашы мені бесінші элемент,
Бізге тым алыс болып көрінген бақытты болашақ қол созым жерде

Қ/сы:
Танысқан шақтарда, құшақтап алмаппыз
Бірімізді, бір-бірімізді
Жоғалтпайықшы ешқашан, ешқашан

Ұқсамаймын дейсің, бірақ сонда да мен теңеймін сені ханшайымға:
Cinderella, Jasmin, Ariel, әдептілік не істетпейді маған
Алайда бар қылықтарыңды еске түсіріп, ойланып қарасам
Ұқсайды екенсің жаңбырлы күзге, ызғарлы қысқа, ыстық жазға

Қуанып, не жылағаныңды байқамаппын әлге дейін, интроверт.
Дауысыңның тембрі есімде жоқ, тек білем қоңырлықпен ерекшеленеді,
Кербез сұлу ренжіме, сенің ойларың асыра сілтенген аниме,
Көзіңе тік қарап айта алмаспын, бірақ сенің мінезің дабстеп

Аптада тек қана жексенбі, жаңалық ашпас күн ертеңгі,
Бәрі сұр бұлттай біркелкі, Морзе әліппесі секілді.
Кока-кола, әлеуметтік желі, плеерде Marley, Sunsay, ЛСП
Мен уақытша басқа әлемдемін, Ctrl X пенен Ctrl V

Ойламаппын жалықтырар деп нирвана,
Жалғыздықтан күйзеліске бір-ақ қадам,
Ұғындым өмірге дем беретін сен ғана,
Дауысым бөлмеде жаңғырық боп таралғанда.
Мейлі сенің бойыңдағы нәзік панда,
Нағыз Мононокэ ханшайымы болса да,
Бәрі маған бұл туралы айтқан о баста
Құтқаршы мені сонда да...
Қ/сы:
Танысқан шақтарда, құшақтап алмаппыз
Бірімізді, бір-бірімізді
Жоғалтпайықшы ешқашан, ешқашан
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Детство уходит детство уходит  Церковь Прославления Ачинск  Ярость jeembo  Dil Ki Tanhai Ko перевод  Darkside alan walker  Cross the line sati akura  Не спеша нас проведут из под венца 
О чем песня
Aidos Eraly - Mononoke Hime?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен