Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
До ре ми 1. Бір сұлуға арнадым бір сұлу өлең, Кейіпкері кім шыныменен. Ән жырымның ырғағы сәйкес келеді, Жүрегімнің дүрсіліменен. Қайырмасы: Шалқып көңіл, шаттық үйілсін, Әсем әуен, татті күйімсін. Көңіліме түрлі ой салған, До-ре-ми-фа-соль-ля-сиімсін. 2. Саз төгеді сан түрлі махаббат перне, Есіміңді атап өткенде, Сақтаулы тұр жеті әріп жеті өлең болып, ЖҮРЕК дейтін нота дәптердей Қайырмасы: Шалқып көңіл, шаттық үйілсін, Әсем әуен, татті күйімсін. Көңіліме түрлі ой салған, До-ре-ми-фа-соль-ля-сиімсін. 3. Ескендірдің әніндей естілген елге, Махаббатың ескірмеген бе. Күмбірлеген кеудемнің сол жағындағы, Сол дертіңді ешкімге бермей. Қайырмасы: Шалқып көңіл, шаттық үйілсін, Әсем әуен, татті күйімсін. Көңіліме түрлі ой салған, До-ре-ми-фа-соль-ля-сиімсін.