МАХАББАТ ОҚИҒАСЫ (исполнитель: NuRiK & AzA)

AzA:
Бір оқиға бастадым,
Түсінсін деп астарын.
Ешқашан бұлт баспасын,
Махаббаттын аспанын.

Аққу көлін аңсаған
Сүйген жанды карсы алам
Құдыретті сезім бұл
Махаббатка тамсанам

Бақыт қонып жүрекке
Тілек қосып тілекке
Екі жүрек қосылып
Қол созып көк жиекке

Баурап алған талайды
Бұл сезім ғой арайлы
Егер сүйсен біреуді
Жүрек соны қалайды

Неге тұрмыз аялдап
Махаббатты қиялдап
Ендеше біз бастайық
Оқиғаны баяндап

Сабақ болсын адамға
Сезім сырын табам ба?
Ешкімге де орын жоқ
Махаббатсыз ғаламда

Берген сертті сақтаған
Барлығы да мақтанған
Екі достар болыпты
Бірін-бірі сатпаған

Достықтары жарасқан
Күн менен күн таласқан
Бір-бірімен сырласып
Бір-бірімен санасқан

Уақыт өтіп барады
Балалық шақ қалады
Екеуі де ер жетіп
18-ге толады

Екі достың біреуі
Кедей өмір сүреді
Екіншісі бай болып
Ақша шашып жүреді

Кедей жүрмес керіліп
Бай жүреді ерігіп
Сөйтіп бай дос кетеді
Есірткіге беріліп

Ақшасына сенеді
Көше кезіп келеді
Тіке жолмен жүре алмас
Ішіп алған себебі

Ал кедей дос өмірі
Мұңға толы көңілі
Анасы оның ауырып
Көзінен жас төгілді

Құдайдан бар тілері
Анасының жүрегі
Тәуір болып кетсе егер
Бақытты өмір сүреді

Өмір сүріп үмітпен
Осылайша күн өткен
Қоңырау шалып досы
Жауап берді күдікпен

Алло досым кел деді
Түсінерсің сен мені
Сүйген едім бір қызды
Ал ол жауап бермеді...

NuRiK:

Қайдасың деп сұрайды
Ал ол болса жылады
Клубта ішіп отырмын
Жүрек сыздап барады

Сөйтіп барды досына
Отырады да қасына
Не боп калды досым-ау
Жүрек мұңы осы ма?

Сүйтіп достар сырласты
Бір-бірімен мұңдасты
Ешқашан да көрмеппін
Сен сиякты жолдасты

Деп бай досы сөйледі
Қарап оған күледі
Екеуі де қоштасып
Үйге қарай жүреді

Сөйтіп олар тарады
Кедей жүріп барады
Бір сұлуға соғылды
Жасқа толған жанары

Қызға қарай бұрылды
Көрді көзі сұлуды
Ғашық болып қалады
Жүрек сезіп жылуды

Кешір деді күлімдеп
Неге мұңды көңіл деп
Айталмайды әрине
Сені жаным сүйдім деп

Кыз көз жасын сүртеді
Кигізеді күртені
Ақырындап аяңдап
Үйіне оны ертеді

Танысты ол кызбенен
Жүрек соны іздеген
Меніде ол сүйер деп
Үмітін ол үзбеген

Номерін ол алады
Жүрек жанып барады
Қимай олар бір-бірін
Үйге енді тарады

Телефон соғып күнде
Ұйқы бермейді түнде
Жігіттің айтар сөзі
Болайыкшы біз бірге

Келіседі кыз енді
Бакыт қып әр кезенді
Айырылмас ғашықтар
Боламыз ғой біз енді

Сырласады досымен
Анық шыққан даусымен
Темекі мен сыраны
Тоқтатамын осымен

Деп өзіне сөз берді
Жамандықты көз көрді
Кездескелі сол кызбен
Өмірі оның өзгерді 

Бұл оқиға жалғасын
Келеси тректен табасын
Бұл реп жаулаган
Талайларлын санасын

Берілесің сезімге
Махаббаттың кезінде
Айттық біздер жүрекпен
Бауырым сен сездің бе?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Papa Americano Renato Carosone  Nika lenina Angel Beats  Эльбрус джанмирзоев-околдован-зачарован  Сура 1 Открывающая Книгу аль-Фатиха Абу Аус  Матушка Игуменья Веня Дркин  Лютый пудж 
О чем песня
NuRiK & AzA - МАХАББАТ ОҚИҒАСЫ?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен