Жыламасын сабилер (2009-2010) (исполнитель: G.H.A.D feat Arlan)
Ойы аппақ, жаны талмас, қылығы тәтті, Оларды бұл күнде кім жылатты. Періште мінез жүзінде нұры хақтың, Адамзат ісінде олар үмітін оятты. Ертегі әлем, ғажайып дүние иесі, Ойы таза айтқанына иілесің. Сұрақ қойып таныса да бұл әлеммен, Қалай болар екен таныс десем әкеңмен. Болашағым, балапаным өзіңмен жүздесуге асығамын, Сен үшін бәрін, сен үшін осы әнім. "Сенсің өмір мәні", Менің де әке шешем айтады осыны әлі. Сәбилер туылса ашады өмір есігін, Кіндігі кесіліп атасы қояды есімін. Нәсіп етіп береді тәңір ұрпақты, Ал кейбірі болашаққа балта шапты. Бұл заман есігін ашады ата-анасыз, Бозторғай сәбилер биікке ұшады. Сәбилер туылып кездейсоқ, кездейсоқ, Жалған өмірменен қауышады. Іздейді ана құшағын, балашық шағы, Дүние, билік, ақша - қызықтырмайды жанын. Ниеті таза, тазалық қанында, Қуанышы тек адам болып туылғанында. Жер-жаһанға естілсін ащы дауысым, Басшы - ақыл, ашады жүрек қуысын. Туылсын періштелер жерге әкеп бақытты, Қуылсын арам пиғыл кезегі сол уақыттың. Түңілмесін, күлімдесін, Адамзат санасына тас жарар гүлін ексін. Бұл жырым тек, шын сәбилер үшін - нұрға бөлесін, Әрбір үйлер үшін...