Табысқа бастар шумақтар (исполнитель: Аманжол Рысмендиев)

Аманжол Рысмендиев

Ұстай білгін өзіңді жағымды ойда
Біле білсең тағыңда бағыңда ойда
Жүрек көзің жақсылық көре білсін
Жақсы ойдан жақсы іс табылмайма

Бағытсыз боп өзіңді ақсатпағын
Айқын болсын жазылып мақсаттарың
Айқын жолда қадамды анық бассаң
Белгілі биіктерде асқақтарың

Дұрыс істе ісіңнің ебін біліп
Жатып алма өзіңді еріндіріп
Сеніміңді алдырма сəтсіздікке
Орын алсын жүректе сенімділік

Сабақ қылып өмірдің тосқауларын
Болашақты бабымен жоспарлағын
Жоспарыңа əрекет сəйкес келсе
Келеді құт береке тосқан бағың

Өтірік ұрлық қорлық сұмдық болар
Адамдықтың асылы шындық болар
Сүбелі сөздеріңде шындық болса
Сөз беремін басыңа шын құт қонар

Пайымың болмасыншы аласа тым
Білімің нағыз қару таласатын
Биіктер берілмейді оңайлықпен
Биік болсын қашанда парасатың

Иманға жүрегіңді жетектегін
Алла алдында парызды өтеп бергін
Береке болсын десең ісіңізде
Шын пейілмен садақа, зекет бергін

Ағайынды, туысты елеп жүргін
Демеуі жоқ жандарды демеп жүргін
"Кең болғанды, кем қылмас" деген халық
Жетім көрсең жарылқап жебеп жүргін

Ойларыңның бағыт қып тұнықтарын
Үлгі болсын өзгеге қылықтарың
Түңілме тағдырыңа тайғанасаң
Түннен кейін таң атар ұмытпағын

Сəтсіздік уақытша тарықпағын
Үйренесің сүріне танып бəрін
Орындалмас армандар жоқ жалғанда
Талпына бер, қаймықпа жалықпағын!

Əрекеттің қанатын қомдай-қомдай
Белгілі биіктерде қалықтарың
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Баги-мен  Фактор 2 я узнал  Славу поем мы  Красная армия всех сильней белая  Одинокий волк я одинокий волк мурат тхагалегов  Басотский Моя  Fleur маленькие пушистые смерти 
О чем песня
Аманжол Рысмендиев - Табысқа бастар шумақтар?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен