Әппақ қар [kazVIP.kz] (исполнитель: Мұнарлан тобы)
АҚ КЕЛIН Әнi: Гауһар Әлiмбекова. Өлеңi: Назира Бердалы. Бiр-ақ күнде қуантып қос ананы, Сыңсу айтып, қыз-көңiл босағаны. Әлпештеген әкеңнiң аппақ қызы ең, Ақ келiн боп аттадың 2 рет босағаны. Қайырмасы: Аппақ гүлдей ағашқа жаңа бiткен, Үлбiрейсiң, үмiттен жаралып па ең? Басқа тойлар бастауы — бүгiнгi той, Бүгiнгi той — қоштасу 2 рет балалықпен. Сәлем салып, басыңды ие бердiң, Қолтығыңнан сол сәтте сүйеген кiм? Мiне, сондай жеңгелер жолын қуып, «Ана» деген жақсы атты 2 рет иемденгiн. Шауып кетiп барады құлын-күнiң, Сен бойжеттiң — осыны ұғын, гүлiм. Ақ дастархан үстiнде ақ бата алып, Жаңа өмiрдiң ашасың 2 рет шымылдығын. Ата-енеңдi құрметте, отағасын, Берiк қылып осы үйдiң босағасын. Ақ ниетпен отқа май тамызған соң, Шаңырақтың шаттығы — 2 рет От-Анасың.