Өзім туралы (исполнитель: Қасым Аманжол)
Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Ша-арлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қа-ай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы , Көруші ең құбылысты қай – қайдағы. Яяпырмай,сен де бір күн сөнермісің, Қап – қара түнек болып маңайдағы. Дариға, о дариға,шіркін дәурен, Баасымнан таярмысың бір күн дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағадай , Жүүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен. Сен неткен бақытты едің, келер ұрпак, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жааңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.