Төрткара (исполнитель: Төртқара)

1. Кіші жүздін төрінде,
Батысымның белінде.
Қанат қаққан Төрткара,
Қазағымның көгінде.
Ел тәуелсіз ақ таңым,
Дәстүр мұра баққаным.
Ұлтым қазақ қаһарман,
Руым менің мақтаным.

қайырмасы:

Бар қазақтың үнімін,
Алты алаштың жырымын.
Жырлау үшін жаралған,
Бір алланың құлымын.
Тамыр жайған Әлімнен,
Төртқараның ұлымын.

2. Ақ киізім арланым,
Құлтас баба тарланым.
Қаракісі, Құламан,
Рухтын жиған бар бағын.
Туын көкке қадаған,
Ел қызыға қараған.
Жасай берсін сан ұрпақ,
Төртқарадан тараған.

қайырмасы:

Бар қазақтың үнімін,
Алты алаштың жырымын.
Жырлау үшін жаралған,
Бір алланың құлымын.
Тамыр жайған Әлімнен,
Төртқараның ұлымын.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Open Kibs  Romka ramazyan  Prata vetra - Mana dziesma  Over the Rainbow otoya ittoki  7 б лето  REINCARNATION-Luys  Lagwagon Heartbreak 
О чем песня
Төртқара - Төрткара?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен