Махаббат ft. Sagi Khalen, Айымбек Маратов [Дұрыс Рэп] (исполнитель: Alty)
ALTY – Махаббат (feat. Sagi Khalen, Айымбек Маратов) Шумақ 1 Алти Күндердің шуақ кезінде көңілдің нәрін сезгенде Сен тұрдың алдымда күлемдеп қарап көзіме Дидарың гүл атқандай, сезімнен от жаққандай Қалдымба сырымды ашып, көңілден жыр тапқандай Кетпеді бейнең алдымнан оятып сезім жанымды Тұр еді махаббат куткендей тербеп бағымды Келсеңші деп жаныма, құшағың жай алдыма «Суйіктім»- деп, атайын келші бері қасыма!! Жакындап сені аймалап беліңнен ұстап құшақтап Ерніңнен суйіп алғанда сезімнен от жалындап Уақыттың тілі қатқандай тамсана тұрдым қарап Көңілі шәрбәтқа толған балдырған бала құсап О махаббат неткен ғажап неткен ерікті сезім Жүрекке жебе қадап, әурелей әрбір сөзің Қанат кағып ұшар жандар сезімдер бағыт болып Тәнті болар әр пенде құштарлық сезімі толып Қ-сы: Маһаббат, жақындап қасыңа келіп тұрмақ Бақытқа, апарып жаныңды сенің салмақ Көңілде тек қана сүюмен толмақ Сезінсең оны сен ойлама ол маһаббат Шумақ 2 Sagi Khalen Бір сәт, бір кездесу, өзгерткен өмірімді, Бір қарағаның сенің, жаулаған жүрегімді, Жеткілікті болды, бастан кешіп сезінуге, Теңдесі жоқ сезімді, келмес сөзбен жеткізу, Тырысқаным бар, лайықты болуға саған, Бұл оқиғаның нүктесін қоюға, Болмайды екен бірақ, жоспарлауға бәрін алдын ала, Сағымдай ғайып болдың саған жақындағанда. Қарайсын маған, сол сәт қатып қалған, Тура фильмдердегі, кадрлардай баяулаған, Бірақ бұл естеліктер, бәрі өтті бәрі бітті, Кездессек енді тек, кездейсоқ жасыл қалада. Жоқ басқа таңдау, ұмытар уақыт келді Ертең тағы бәрі қайта, шегіне де жетті Айта айта сөзде таусылды, қалдыршы мен жөніме, Махаббатпа бул білмейімін. Қ-сы: Махаббат, жақындап қасыңа келіп тұрмақ Бақытқа, апарып жаныңды сенің салмақ Көңілде тек қана сүюмен толмақ Сезінсең оны сен ойлама ол маһаббат