Бақыт (исполнитель: 07.G-Staz(Нұржан))

Бақыттың кілті дейді, айтпаңдар жоқ нәрсені,
Бақыттың кілті болса, тіршілік тоқтаушы еді.
Айтылған әрбір сөзің, атылған оққа серік,
Бақыттан құр қаласың бағытсыз досқа сеніп.

Сезімнен құралғанда, сөзің де солмас еді,
Шегі жоқ құр арман ба, алдады ол да сені.
Шынымен бұл жалганда, бақыттың кілті болса,
Жібек пен Төлеген де, бақытсыз болмас еді...

Бақытты іздемеспін,жыр жазған дәптерімнен,
Іздегім келмейді оны, балы жоқ тәтті еріннен,
Тереңге жүзбесем де,өмірге «Қап» дедім мен,
Бақытты ізде сен де, бақытсыз сәттеріңнен!

Тіршілік тоқтамайды, таң атып түн кіреді,
Алайда жетімдердің, жағдайын кім біледі?!
Мылқаулар өздерінің, бақытсыз екендігін,
Сөзімен болмаса да,қолымен білдіреді...

Жердегі жебір пенде, бақытка тоймасы анық,
Біреуі жүр әнекей, бақыттан қойма салып
Бір жерде ащы жастар, теңіз боп төгілсе де,
Бір жерде керісінше, жатады той жасалып...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Swan Lake The Church  Карел гот  Curtis Mayfield Think  Yes I Know My G Astro  Feel emotion Twiggy  Void camp- the news  Только не молчи Егор крид  Biz mehriban aileyik 
О чем песня
07.G-Staz(Нұржан) - Бақыт?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен