Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Түнгі қала жанады жанарыңда, Ойын-күлкі бір сенің қалауыңда. Би билейсің әдемі, ырғақты сен, Жарқылдаған түнгі би алаңында Неткен сұлу қимылың құрбым сенің, Бара жатыр шашырап есім менің. Көлеңкең боп жүруге дайынмын мен, Болмасаң да аңсаған асыл теңім. Атырып таңымды, тулатып жанымды. Басыма шығарды-ау ыстық қанымды. Бойжеткен жалынды беруге дайынмын, Бір саған, мен, қиып барымды. Билеңдер достар бәрің бұл әнге, Қайғыру жастық шағыңа тән бе? Жалындап жанған кезіңе, Жете алмайды сол шаққа ештеңе. Тартынып қалып қоймаңдар, сендер шетте, Қимылсыз өмір еш болмас, әлбетте. Ырғалта би биле, ажарлы бойжеткен Әрбір атар ақ таңға, Жалынып айтамын атпа. Жанында сол қыздың, ырғақты, сымбатты биін жатта. Жалындаған жастық шақта, Әлсіздіктен алла сақта. Аяқ талма, биден қалма.