Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Асылым Әні: Тимур Қасымжановтікі Сөзі: Қойшыбек Карбаевтікі 1. Арайлы ақ таңда ашылған бір гүлсің, Сайраған бақтарда сандуғаш, бұлбұлсың. Жалт етсе жанарың жасқана қарадым, Ғашықтық отына өртеніп барамын. Қайырмасы: Өзіңе құшақ жайдым да, Сен болдың маған арман. Тербеліп жаным ай-нұрға, Аққу боп қоншы айдынға. Ақ таңым да – сен, мен аңсаған, Аппағым да – сен, ғашық болдым мен саған. Тәтті әнім де – сен, аяулым менің, Сен асылым. 2. Бойымды баураған сен жұмбақ жанбысың, Жанымды тербетіп балқытар әнбісің, Даланың бар гүлін бір сен деп жинаймын, Әлемнің асылын тек саған сыйлаймын. Қайырмасы.