Қазтуған Қарға бойлы Қазтуған (исполнитель: Бекболат Тілеухан)

Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу де болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келін де болып түскен жұрт,
Қайран да менің Еділім 2.

Қарғадай бойлы Қазтуған 2
Батыр да болып туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды ай оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менім ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!..
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
The BossHoss Remedy  The BossHoss Like Ice In The Sunshine  The BossHoss Rodeo Radio  The BossHoss Ring Ring Ring  The BossHoss My Favourite Game  The BossHoss I Say A Little Prayer  The BossHoss Hell Yeah  The BossHoss Hot Stuff 
О чем песня
Бекболат Тілеухан - Қазтуған Қарға бойлы Қазтуған?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен