Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Мен сені сағындым, көруге асыға,
Мәңгілік сезімің сондағы осы ма...

[BaGi]
Көргің келмесе, мейлі, ештеңе өзгермейді,
Адамдың санасы көз жеткен жерден ары көрмейді.
Ол мүлдем сезіп білмейді мендегі ойларымды,
Тыныштық түннің мұңы қиялға бойларымды.
Төгіліп ойлар құмды сағат ішінде,
Осынша уақыт бірге бір-бірімізді түсінбей.
Аспанның көк түсіндей қарашы сезімімді,
Қалаймын сол дүниені анық қарап сезуіңді.
Қойсаңшы езуіңді, шырыны бітті жүректің,
Сұранып Жаратқаннан тентектеу сезім тілеппін.
Күшінде емес білектің, жүректің әмірінде,
Секірген ырғағынан ұстап қалу да мүмкін де.
Не дейсің қара түнге, не айтсаң да, тек үнсіздік,
Тіл қатудың орнына жұлдызды аспан жымыңдайды.
Сен жайлы ойлар қинап жеп барады шыдамсыздық,
Сабыр сақта, жаным, олай мүлдем болмайды.

Қ-сы:
Мен сені сағындым, көруге асыға,
Мәңгілік сезімің сондағы осы ма?
Мен сені сүйемін, несіне жасырам,
Сен жайлы ойымды жұлдыздардан сұра.

[SE7EN]
Айта алсам ғой іштегі айтар сөздерді,
Бізге керек бақ ұстайтын біздерді.
Көздерім іздегенде бір талмайды, жүрек тынбайды,
Себебі сен барда Мақсат өзге таппайды.
Махаббат ойын демеймін, ол айналада,
Жақсы көрмейм демеймін, уақытты сен сана.
Басқасын қайтем сендей жылу ендірмесе,
Қасымда болып келешекке сендірмесе.
Сендей күлімдемесе мені бөлеп қуанышқа,
Алтын уақытты бөліп болатын жанымда.
Сонша уақыт, сонша уақыт, үйренуге уақыт болды,
Бір-бірімізді беске білетін уақыт болды.
Аяулым, тек өтінем, өзгемен кетпеші,
Егер де сағынсаң, ойланбай маған келші.
Алыс болсақ та, жаным, көңілім сенде тұр,
Егер сүйемін десең, көңіліңді сен де бұр.

Қ-сы: (х2)
Мен сені сағындым, көруге асыға,
Мәңгілік сезімің сондағы осы ма?
Мен сені сүйемін, несіне жасырам,
Сен жайлы ойымды жұлдыздардан сұра.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
На пластинках шпилит кто DJ Василий  Sinner you know Народный хор ГМК им Гнесиных 2008  Упрямый дождь Анна Снаткина  Смерть Комара Капитализм в Холодильнике  Лабиринты низкое качество Игорь  Приглашение в Москву и Питер  Энигма Конец света 2012 2011 медляк  КазаКша КлуБ Хит от Dj RustaM Dj RustaM 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен