Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Ұмытпа 1-ші куплет: Назар, атаңа ұқса деп атаң қойған атың бар, Батырдың ұрпағы, шын айтуға хақың бар. Сыбырлар құлаққа, ішітегі сол бір ой, Халық жауы ғой кешегі бұл күнде де атылар. Жазасың ау сен ұлым қауіпті тақпақ, Жабылсын екі еліге төрте елі қақпақ. Анашым айтпа, тыныш жазба, дейді, Бірақ, тағдырдан кім, қалайша қашпақ? Ұялы телефон, пайдасыз хаттар, Ұялып тыңдай алмайтын әуендер қаптады. Аяғы сатпақ кір былғаса төрді, Ауызы лас халқымды былғауменен даттады. Қырық пышақ бөлінудің отанында туылдым, Қайран қазағымның басын қосар ту болдым. Ай, күн, жер спаны бір аға-қарындастар, Тату-тәтті жаңа бір өмір бастар. Ұлаңғайыр жер жәннәті жетісу, Аты шулы Алматыда айхай-шу. Тәтті су мен шу екі ғана у, Харам мен Халал тең емес болмасын шатасу. Қайрмасы: Кім екеніңді біл шыққан жерді ұмытпа, Адам бол, түп негізіңді ұмытпа. Ұмытпа өз-өзіңді құнытта, Кеше, Бүгін, Ертең-гі күнді ұмытпа... 2-ші куплет: Пайдасыз есірткі сана улап құтырар, Тұлғалар кешегі, уақыт өте ұмытылар. Дуалап дүмшелер, қолының сұғы бар, Білім сенім болмаса сеніде құл қылар. Топасқа айтылған сөз ертең-ақ ұмытылар, Уақыт есейген сайын достық сезім ұмытылар. Бауырдың жасағаны жүректе мәңгі қалар, Аналар өсірген құмар емес пәк тұмар. Ісі тура, сабырлы адамдарды ұнатамын, Өзін-өзі сататын надандарды ұмытамын. Бекерден-бекер өткен әр күн пайдасыз, Ел қамын ойлап, атырды кім ұлы таңын. Тікенекке толы раушан гүл иіскегенге, Сүйкімсіз қара құрма тәтті ғой жегенге. Адамдар ас сияқты жататұғын легенде, Кім екенін білесің дәмін татып көргенде. Мүше бар екі жақ пен екі бұттың арасында, іресек деру ақыл-есті жоғалтамыз, Нағыз болуды қалай ғана ұмытамыз?