Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
1.Сағындым сағым уақыт Табатын жаным бақыт Балалық ұяның Қарлығаш қиялың Еске алып тербелемін Жұлдызын көгімнің Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін /Сағым жылдар , сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің 2.Сағындым сағым күндер Сағынсам жаным гүлдер Өмірдің көшімен Мен бәлкім кешігем Сағынып кеш қалармын Балалық көктемім Қамығып өткенім Аңсауменеске арлармын /Сағым жылдар , сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің 3.Сағындым сағым жылдар Өттің-ау ағып, жылдар Баладай алаңсыз Баянды, баянсыз Тағдырға бағынумен Оралып келе алмай Достарды көре алмай Күн кештім сағынумен Сағым жылдар , сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің