Тура жол (Single 2014) (исполнитель: KOSMOS)
Тура жол (толық нұсқа) Тарқатып мастықты, ұмытып қастықты Шабытым келгенде, рэпіме бас сұқтым Атаққа асықтым, баласы қазақтың Қалған жоқ астында күлкі мен мазақтың Асықпа, қызықтың бәрі алдыңда Әлі талай қиындықтар кездеседі жолыңда Ойымда тек рэп, қалам қолымда Жаратқаннан талап етсең, талаптарын орында Екі таңдау: рэп немесе Намаз Жұмақ төріне үміт, немесе құнды қағаз Бар нәрсеге шүкір айтпай, "кедеймін"-деп, күрсінесің Қалайша сен тоқ боласың, аш болғанда көршілесің? Е, өмірдің қызығы бітпейді Жылтыраған нәрселер, тек өзіне үгіттейді Ерітпейсің, ештеңені жібітпей Қазіргі заман ұраны - "уайымдама түк етпейт" Қайырмасы: Адастық біз бұл күнде Сенейік, айтшы кімге? Екіге бөлінген мұсылман бауырлар Жаратқаным көрсете гөр тура жолды еліме Бір мүмкіндік бер Құдайым, бәрін басынан бастайын Саған ғана жалбарынып, тек сенен көмек сұраймын Өз бетіммен өзгеру менің қолымнан келмеді Мына рэпті нәпсімен, ал сені сүйем шынайы Бұл өмірге қонақпын, иә, мен білемін Кейде ұмытып, мәңгі қалардай күлемін Тілдесемін өзіңмен, кейде жалғыз қалғанда Менің адал досым, мына жалғанда Жылап өтем өмірден, өмірге жылап келдім Бір күні боламын, тұрғыны қара жердің Тілімізде - Құдай, жүректе - қу дүние Алла үйі мешіттен артық тұр, көп қабат үйлер Мына жүрек қиналғанда, тек, өзіңді іздейді Дүниені армандасам, есімің еске түспейді Кейде нәпсінің, кейде Алланың құлы Жұма Намазда тұрсам да, тас жүрек түк те сезбейді Қайырмасы: Адастық біз бұл күнде Сенейік, айтшы кімге? Екіге бөлінген мұсылман бауырлар Жаратқаным көрсете гөр тура жолды еліме