Келшi жаныма (исполнитель: Мира)

Көгімдегі айым дейін сені,
Көкшедегі қайың дейін сені
Көзден ұшып жырақта жүрсең
Шамшырағым күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені,
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.

Қайырмасы:
Келші бағыңа әлдеқайда ұшпай келші жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай қоншы жаным,
Келші бағыңа, қоншы қолыма
Келші жаныма кел!

Сағынғанда саялайын сені,
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным.
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені,
Жаныма кел жабықпа жаным!

Қайырмасы:
Келші бағыңа әлдеқайда ұшпай келші жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай қоншы жаным,
Келші бағыңа, қоншы қолыма
Келші жаныма кел!

Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қоныстасып бірге күн кешейік.
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға батар күндерге.

Қайырмасы:
Келші бағыңа әлдеқайда ұшпай келші жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай қоншы жаным,
Келші бағыңа, қоншы қолыма
Келші жаныма кел!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Slayer Born Of Fire  Slayer Seasons In The Abyss  Slayer Silent Scream  Slayer Live Undead  Проект увечье энтропия  Slayer Behind The Crooked Cross  Slayer Mandatory Suicide  Slayer Ghosts Of War 
О чем песня
Мира - Келшi жаныма?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен