Жақсы көремін (исполнитель: BaGi)
Жақсы көремін Елігімдей кең байтақ жазық даланың, Көзіме көрінбесең, қайдан іздеп табамын? Аралап тау, сай, жотаны іздеп, Өзгемен отау құрып кетсең де, үмітімді үзбеймін. Неткен суықсың сен маған, Таудағы мөлдір бұлақтай. Құшақтасаңшы мені қатты, биік жардан құлатпай, Биік жардан құлатып сындырарсың қол-аяғымды. Сындыра алмассың махаббатымды, Қаншама жығып тырыссаң да, білесің ғой қайта тұрарымды. Өмір бойы өту үшін бірнеше факт бар, Бір соққан жүректер, ырғақ, темп, такт бар. Жауапсыз сұрақ бар, оның шешімін табамын, Әкелдім алдыңа ақиқатты, жөндеп қарағын. Екеуміз де жаспыз үлкен өмір қадамына, Болар қызық алда, көңіл салып қара мұнда. Адасып қараңғыда таптым қиналып сені, Қолдайтын бір өзің үзбей үміт, қолдағын енді. Жоқ менде келешек, өзім сызам бүкіл жобасын, Бірінші Жаратқан, екінші жақындар қолдасын. Жаныма жақын жолдасым маңдайыма жазылған, Көрмеймін келешекті, өзіңмен келіп айрылысам. Мені көрсең, түзелмейтіндей күйді кешесің, Екеуміз де пендеміз, біз үшін нені шешесің? Адассам, кешіресің, оның бәрі – сенімсіздік, Кемедегілердің жаны – бір, біз бірге жүздік. Қ-сы: (x2) Қимадым сезімді, қинадым, Бақ сыйлау орнына қинадың. Жабырқап тәніме сыймадың, Жақсы көрем сені, қимадым. Қозғағым келгені – жаныңа жетер түрлі ойды, Ерітіп барасың бүкіл тәнімді, тұла-бойды. Сыздауын қойды, білесің, жанды жерім – өзің, Ыстық-суығыма көнудесің жалғыз өзің. Сенің көзің – мен үшін ең басты ақиқат, Бүкіл ашу-ызам қарасам сонда таралады. Қойдым ғой жаралап кіршіксіз сезіміңді, Сұранғым келгені – жүректі сезінгін енді. Қалаймын білгеніңді, мыңнан дара екендігіңді, Бұлттардың арасынан көрдім шырайлы енді күнді. Көрмейсің мұңды, ант ішемін ер сөзіммен, Бас тартпа, қал қасымды, екеуге ортақ сезімнен. Ұзақ соққан әлемді гүлдендіру біздің қолда, Қосылып айрылыстық, не көрмедік, айтшы, жолда. Бастым қадамды оңға, кезінде солға басқан, Таппаймын сенен артық, білемін, мен адасқам. Қ-сы: (x2) Қимадым сезімді, қинадым, Бақ сыйлау орнына қинадың. Жабырқап тәніме сыймадың, Жақсы көрем сені, қимадым.