Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: жаным, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай Бал тілін, әнін. Қайырмасы: Анамның тілі - айбыным менің, Анамның тілі - ай-күнім менің! Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі - өмірді думан. Мектепке келдім, Ұстазды көрдім, Тыңдадым сөзін Табынып, сүйіп. Анамның тілі, Аяулы үні Жүрекке нұрын Жіберді құйып. Қайырмасы: Анамның тілі - айбыным менің, Анамның тілі - ай-күнім менің! Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі - өмірді думан.