Аңсағаным [www.kazhit.com] (исполнитель: Азия тобы & Гульнур Оразымбетова)

Аңсағаным
әні Ескендір Хасанғалиевтікі
сөзі Абдрахман Асылбековтікі
Айтшы, жаным қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару - май да.
Қызғалдақты көктемім боп жайна,
аңсағаным.

Өзің деп білем -
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем -
Көңілімнің күні,
Аспанымда.

Ақ дидарың ұқсап туған айға,
Келші, құрбым, құшағыңды жай да.
Жыр бағымда бұлбұлым боп сайра,
аңсағаным.
"Асыл арман" деп шырқалады әнің,
Арманыңның сезіп жүрмін бәрін,
Арайлап атар алтын таңың,
аңсағаны.

Өзің деп білем -
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем -
Көңілімнің күйі,
Жас жанымда.

Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным,
Кеудемде бір алаулайды жалын.
Бір өзіңе арналады әнім,
аңсағаным.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Dying Fetus Epidemic of Hate  Dying Fetus Pissing In the Mainstream  Dying Fetus In Times of War  Dying Fetus For Us or Against Us  Dying Fetus Justifiable Homicide  Dying Fetus Your Treachery Will Die WIth You  Dying Fetus Hopeless Insurrection  Dying Fetus Conceived Into Enslavement 
О чем песня
Азия тобы & Гульнур Оразымбетова - Аңсағаным [www.kazhit.com]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен