Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Әні – Гүлнар Дәукен қызы Өлеңі – Шөмішбай Сари ұлы Сағындым, сағым уақыт, Табатын жаным бақыт. Балалық ұяның, Қарлығаш қиялын Еске алып тербелемін. Жұлдызын көгімнің, Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін. Қайырмасы: Сағыныш-ай, Сағыныш-ай, Сен де бір арман, Сен де бір жалған. Сағыныш-ай, сағыныш-ай, Сенімен бірге Толқиды жаным менің. Сағындым, сағым жылдар, Өттің-ау ағып, жылдар, Баладай алаңсыз, Баянды, баянсыз, Тағдырға бағынумен. Оралып келе алмай, Достарды көре алмай, Күн кештім сағынумен. Қайырмасы: Сғындым, сағым күндер, Сағынсам, жаным гүлдер. Өмірдің көшінен Мен, бәлкім, кешігем, Сағынып, кеш қалармын. Балалық көктемім, Қамығып өткенін Аңсаумен еске алармын. Қайырмасы