Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Өмірім менің жазым ауыр тамған ыстық жасым, 
Өмірім менің күзім мөлдіреген екі көзім,
 Өмірім менің қысым терең алған әр тынысым,
Өмірім менің көктемін еркін соққан кең жүрегім.  

Кең өмірім артқа тастап, жаңа өмірге жолды бастап,
Мынау қараңғы құлдықтан шығып келем алға қарап,
Тәтті өмірді келем аңсап, күн өткізіп уақыт санап,
Қыран құстай тырысамын, қанат жайып биік самғап.
Ел жүрегін сөзбен жаулап, тұр жүрегім оттай лаулап, 
Аман-есен басып келем сатылардан мен абайлап,
Өмір жолы муздай тайғақ, тәуекелге белді байлап.
Биік шыңға қол жетпейтін, аяқ бастым енді жайлап.
Өмір сүрем адамша, бар тынысым тартылғанша, 
Жамандықтың өзеніне қарсы жүзем амал қанша,
Соңғы демім таусылғанша, бой қуатым сарқылғанша,
Ақ бұлттарға ұмтыламын, екі қанатым талғанша. 
Бос уақытты жалқауша бекерден бекер құртқанша, 
Артымнан із қалдыруға тырысамын қарт болғанша. 
Сүрініп көп шалынғанша, қара мата жамылғанша,
Танып біліп өмір сүрем, болашақта қиналғанша. 

Өмірім менің жазым ауыр тамған ыстық жасым, 
Өмірім менің күзім мөлдіреген екі көзім,
 Өмірім менің қысым терең алған әр тынысым,
Өмірім менің көктемін еркін соққан кең жүрегім.  

Бұл өмірді, оны жазам ақа қағазға, жамандықпен Жақсылықты, салыстырамын таразыға.
Жақсылығым көп пе? аз ба? әлде өмірім мәнсіз ба?
Үрейленіп ұмтыламын, жақсылыққа болып таза.
Күймес үшін тозақта, бұл өмірден қайтқанда,
Өз орнымды табам жылы жарық жұмақта,  
Ал сол күнім болғанша, өмір гүлім солғанша,
Адам болып өмір сүрем, көздерімді жұмғанша.
Теңеймін өмірді күзге, сарғайған алтын күмбезге.
Қиындықтың ортасымен, қолдан жетелеп жүргізген.
Теңеймін өмірді қысқа, теңедім бақытты мұзға,
Шағып алсам ертең айналар тұрақсыз суға. 
Теңедім ажалды тұзға, тәтті өмірдің дәмін бұзған.
Бақытыңа кедергі, жолыңа биік там құрған.
Көктемге де теңедім жылы жарық күндерді,
Мезгілдің төртеуіне де теңедім бұл өмірді.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Антон Самойлов-Суйем сени гана  Я не там и не здесь  Одна земля гербы и гимны Грот  Опера так поступают все  Этот вечный механизм Тбили  Шалом алейхем 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен