Қараңғы Бөлме (исполнитель: G-HAD)

1 шумақ Аль-Nasr
Орта бойы, шымыр дене, жүзі суық,
Мұрынның шеміршегі жоқ, жағы сынық.
Шыныққан әбден рух, аяқта тұрады нық,
Оңайлықпен берілмейді кетседе тарығып.
Табынамын әкеме, ол тұлғаны сағынам,
Соңғы рет көрдім оны темір тор ар жағынан.
Жүрегі тас, тірі жетім күйін кешті,
Жүрек шешті қайғыны, білмей-ақ әлпешті.
Пейілі кең, бала ноян, бәріне даяр,
Жолдасым дегенде ішкен асын жерге қояр.
Аяу сезімі жоқ, бала кезден-ақ суық,
Пиғылы арамдарды дереу тілімен ояр.
Кеше ғана жер әлемге, аты елге мәлім,
Дүркіреткен жігіт нар, көрсетуде әлін.
Әдемі киім, қымбат көлік мініп алысқан,
Алматы арулары кезегіменен ауысқан.
Тіл алмас, қырып-жояр, қызбалыққа бейім,
Қорқуды білмейтін ол, қайтпайтын кейін.
Пайда көріп күнде қылмыс жасап қан төгуде,
Дүние үшін жеңіл ақшамен күн көруде.
Күндер өтуде, азғынның жолы ұзартылды,
Елдің айтқаны болады, тыңда сөз ақылды.
Түбі түрме шырылдатып, зар илетті міне,
Түрме деп аталатын бұл абақты дүние.
Арқадан қатар жолдасы жоқ қасында,
Ойын күлкіде бірге, пайданың арқасында.
Қас болар жалған дос, күн туса басыңа,
Ойлануға уақыт көп, кеш деп жасыма.

Қайырмасы
Бірі тірі, Бірі өлі,
Бірі инеде, Бірі ұры.
Бірі адам, Бірі пәк құлы.
Ал мен кіммін, Ісімнің қателігі ме,
Неге, отыр екем қараңғы бөлмеде.
Бірі тірі, Бірі өлі,
Бірі инеде, Бірі ұры.
Бірі адам, Бірі пәк құлы.
Ал мен кіммін, Ісімнің қателігі ме,
Неге, отыр екем қараңғы бөлмеде.

2 шумақ Masta Yella
Қараңғы бөлме, түсі суық қабырға,
Ұйқысыз төсек, темір тор, ылғал ауа.
Тар дүние ішінде, тоқтады сағат,
Жүгірмек сана жауап іздеп сұрақтарға.
Уақыт санап сығалайды көз далаға,
Ұшқан құстар биікте қанат қаға.
Танауға сіңген иіс үйренді міне,
Үйренді дене төрт-ақ қара қабырғаға.
Іштен жейді сағыныштар үйден алыс,
Қадірін кеш біліп, зуылдап өмір ағыс.
Үнсіз дыбыс, ісіңді біреу аңдып,
Жұбатар пікірлер береді оған тойтарыс.
Қаншама адам бар мұнда үмітін үзген,
Жүйеге тізе бүгіп талайы өзгерген.
Кәсібі малай болу, тәнді лай қылу,
Өзін алдап, жанына құны жоқ сөз берген.
Жіберген қателіктен үлгі алдым,
Жақсы ой, пәк пиғыл қысады алқым.
Қалай, не үшін, кімге, неге бұлай?,
Сор маңдайы, тым кеш, өкініп қалдым.
Жеңіл ақша, сол жеңіл жолмен кетер,
Үйіп төгіп жасағаным бәріде бекер.
Біреуден алғаным екі еселенді,
Енді түсіндім бұл әлемді!

Қайырмасы
Бірі тірі, Бірі өлі,
Бірі инеде, Бірі ұры.
Бірі адам, Бірі пәк құлы.
Ал мен кіммін, Ісімнің қателігі ме,
Неге, отыр екем қараңғы бөлмеде.
Бірі тірі, Бірі өлі,
Бірі инеде, Бірі ұры.
Бірі адам, Бірі пәк құлы.
Ал мен кіммін, Ісімнің қателі
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Джундуллах1  Thunderjuise  Yiri Yiri Bon  Ошибка Хип-хоп леди  Во-во во воу  Kylie Minogue Word Is Out  В белом танце кружились юные сердца NS Gapon 
О чем песня
G-HAD - Қараңғы Бөлме?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен