Аузынан айдың түскен қыз (2014) (исполнитель: Мейрамбек Беспаев)

Жолымыз құрбым бір болсын, 
Жақын боп кеттің досымдай. 
Бұрын сен қайда жүргенсің, 
Бұрымдыларға қосылмай. 

Көрдім де сені өзгердім, 
Басқа адам болып бір демде. 
Періштелерін өзге елдің, 
Көзге де ілмей жүргенде. 

Желкілдеп сезім, бал-құрақ, 
Шаттықтан шаршап қуансын 
Аспаннан түскен салбырап, 
Айдың сен қызы шығарсың. 

Көрмеппін жерден мұндай жан, 
Көрімдік алса Күн алсын. 
Құтқарып алған мұңды ойдан, 
Құдіреттің өзі шығарсың. 

Көңілімді шаттық күй кернеп, 
Кеудеме қанат біткендей. 
Қармана бердім күйбеңдеп, 
Өзіңнен басқа түк көрмей. 

Дертімді қалай емдермін, 
Не амал, оған не істерміз?! 
Арманым болдың сен менің, 
АУЗЫНАН АЙДЫҢ ТҮСКЕН ҚЫЗ!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Земфира - Мы разбиваемся МИНУСОВКА  Красная Плесень однажды  No More Sweet Music Hooverphonic  Щедривочка  Две Параллели Живым 2011 Артем Татищевский  Динайс  Quest Pistols-он рядом  Тетрадь дружбы нацумэ 
О чем песня
Мейрамбек Беспаев - Аузынан айдың түскен қыз (2014)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен