Жезделер [www.Xmusic.kz] (исполнитель: Нурсултан Болат)

Бәріміз де жезделерміз балдызға,
Ойнап айтса шыдайтұғын қалжыңға.
Ішіндегі тәуірі деп жезденің
Қалжың айтсам өкпелеме балдызға.
Жезделердің ішіндегі маңғазы.
Шулап жатса қарамайды жан-жағы.
Жезделердей сірә жақсы бар ма адам.
Сыйлап тұрар оны әркез жан-жары.

О-о-о-у, жезделер
Сендерге кім тең келер.
Ойын құмар қылжақ бас
Қуанышта кез келер

Жезделердің ішіндегі серісі
Бәрі сыйар кең ғой оның терісі.
Әзіл менен сабырлығы жарасқан
Той-думанның онсыз анық өтпесі,
Жезделердің ішіндегі момыны.
Анда-санда қосылады қобызы.
Той тарқарда өлең айтпай қайтпайды.
Тамағының жыбырласа қоңызы.

О-о-о-у, жезделер
Сендерге кім тең келер.
Ойын құмар қылжақ бас
Қуанышта кез келер

Бүгінгі той жезде жаным құт болсын!
Немере мен шөбереге үй толсын.
Апамызбен жайлап жүріп жүз жаса.
Қыдыр келіп шаңырағыңа құт қонсын.

О-о-о-у, жезделер
Сендерге кім тең келер.
Ойын құмар қылжақ бас
Қуанышта кез келер
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Bob Dylan Cocaine Blues  Bob Dylan Miss the Mississippi  Bob Dylan Duncan And Brady  Bob Dylan Railroad Bill  Не повторяется такое никогда  Bob Dylan No Limit  Bob Dylan Baby Blue  Bob Dylan Farewell Angelina 
О чем песня
Нурсултан Болат - Жезделер [www.Xmusic.kz]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен