Қатыгез махаббат (исполнитель: Smitty)
Бәрі бүгін басталмады, басталып кеткен баяғыда, Мен саған арманым, ғашықпын баяғыдан. Сенде білесің оны, бірақ тәрбиең басқа, Өзіңнен басқаларды басып тастайсың сірә. Күні-түні ойлайтын періштем ол сенсің ғой, Сенің басыңда білемін мен туралы басқа ой. Хех, мүмкін, кешір, жалпы сен мені ойлайсың ба? Сонда сенің жүрегің айтшы тастан жаралған ба Не болса да, таңғаламын мен саған, Әдемі раушан гүлдейсің, бірақ мінезің сенің оңбай қалған.... Білемін байсың сен, ақшаң тасып жатқан, Астыңда көлігің бар, мен үшін қол жетпес арман. Ал мен - қарапайым қазақтың қара баласы, Менің достарым қарапайым көше ақындары. Ал сенің достарың кілең, TV-дан түспейді, Олар отыз бірде ал мен, KIWI-дан түспеймін. Әңгіме жоқ менің дәрежем сенікінен кем, Және мені өсірген анам мені еркелетпеген. Мүлдем мен бай өмірдің дәмін татып көрмегем, Сен сияқты ыстық жазда демалатын орындарда жүрмегем. Түсін мені бізде де қан ағады бізде адамбыз, Жүрегіміз бар шүкір, бізде махаббат табамыз. Неге сөйлеспейсің мемен неге мені менсінбейсің? Неге сенің оққағарың саған қарай өткізбейді? Жұмысы болса қайтейін тепкілеп тастаймын оны, Бір минут сөйлессек егер түгі кетпейді ғой оның. Мен сені сүйемін, осыны есіңнен шығарма, Арзан киініп сен үшін кедей болсамда ұмытпа. Менде тәкәппармын, білсемде сенің мінезіңді, Білсемде сенің мені бұл өмірде сүймейтініңді. Қайтпаймын, қайтыс жоқ менде, мен сондай пенде, Сондай пенде болған сені өмір бойы сүйіп өткен. қ/сы: Сен менің айымсың тамсануға арналған, Сен менің әнімсің көре алмай жаным сезе алған. Сүйген жүрек сүйіп өтеді сені мәңгілік, Ішімдегі сезімімді айтамын ән қылып. «2-рет» Неге бұл өмірде қосылмадық жаным екеуіміз, Тек сен кінәлісің, тек сен кінәлісің айым. Сүйіп өтемін сені, сүйіп өтемін сені, Жаным не болса да айтарым ұмытпашы мені... «2-рет» Шын айтсам мен сүйдім расында Түн ұйықтамай армандадым бір сәт болсам деп қасыңда Жасыл бақты жүректегі сары ала күз қылдым Жаным жатқан жастығымды қара сұйық мұз қылдым Өсе келе ойлаймын тек өткіздім уақытты Қуамын деп тағдырыма жазылмаған бақытты Шабытымды сеннен алдым алғысымды білдірем Барлық сезімді саған арнадым осы үшін өкінем Есімнен кетпейді сол бейне әсем айға теңеген Есімнен кетпейді серуеніміз ғажап көктемде Ештеңе болмағандай отырып кеттің бай жігіттің көлігіне Сол кезде ішімнен тіледім : Жатыстарын жайлы болсын төсекте Бұзылмаған пәктігіңді саттың алтын күміс жібекке Толығымен берілдің сезімі жоқ ақшасы бар жігітке Туып ресторанды аралап келмей кеттің мектепке Өзіңе керек білімді алып төсекте Түсінемін не керекпін мен саған Қалтасында өмір ақша болмаған Джозофиней өзінікін қақсаған бар