Жаным менің (исполнитель: BaGi)

Жаным менің

Күлімдеген көздеріңді, жаным,
Көрмесем қайғыра сағынамын.
Қиналған сәтте әрдайым жаныңнан табыламын,
Семен өтті күндер махаббатқа толы.
Семен өтті түндер шапағатқа толы.
Өзіңді сүйемін, ешкімге қимаймын,
Мен саған өзімді мәңгілік арнаймын.
Пәк сезім, махаббат, жүректен сыйлаймын,
Жаным, біз бірге мәңгілік боламыз деп ойлаймын.

Қайырмасы:
Жаным менің, аңсаған арманым,
Бақытыма, жаным, сені бауладым.
Жақын келші, жақын келші қасыма,
Маған сезген сезіміңді жасырма, жасырма.

Түсініксіз бір күй билеп алды бойымды,
Бұл сөздермен жеткізейін анығырақ ойымды.
Сен және мен – екеуміздің жеке тақырып,
Бұл сөздерді жазудамын жүрек сиясына батырып.
Махаббатты мұндай болады деп ойламадым,
Бұл сезімнің теңізіне тереңірек бойламадым.
Ерекше бір сезім – бір ерекше кейіпкер,
Арадағы сезімді тірі сөздер кейіптер.
Сен өзгешесің, ұқсамайсың басқаларға,
Мен оны түсіндім бұл сезім басталарда.
Белесің менде, жаным, саған қандай сезім бар,
Менің сүйген жүрегім бір өзіңе ұмтылар.
Бақытты етемін, қолымнан келеді,
Құдайым бізге жазған несібесін береді.
Ең бастысы, жаным, сен менің қасымдасың,
Түнде түсімде, жүрегімде, басымдасың.

Қайырмасы:
Жаным менің, аңсаған арманым,
Маған арнап, жаным, сені бауладым.
Жақын келші, жақын келші қасыма,
Маған сезген сезіміңді жасырма, жасырма.

Өзіңді ойлауменен ойдың түбіне баттым,
Маған қымбатсың, сүйіктім менен қымбаттым.
Қымбат маған сенің күлім қаққан көздерің,
Жүректі ұялады сенің жылы сөздерің.
Сөздерің “жаным” деген мұз жүректі ерітті,
Іздедім  өзіңдей адал жан, серікті.
Қолдарыңнан ұстап, кенелемін бақытқа,
Сенің қасыңда шектеу болмас бақытта.
Жаным, айтады ғой: “Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді”, - деп,
Бұл ән жүрегіңе жетті деп ойлаймын, тек қана сен үшін.

Қайырмасы: (х2)
Жаным менің, аңсаған арманым,
Маған арнап, жаным, сені бауладым.
Жақын келші, жақын келші қасыма,
Маған сезген сезіміңді жасырма.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Murat Txagalegov  Дайте мне ствол хочу очистить  Хая корбе  Они Belalim -RV DmD  Белинда-сонорные  Индиго- туган жер  Лагерные песни перевал  Может это ты алена омаргалиева 
О чем песня
BaGi - Жаным менің?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен