Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Айтшы маған Махаббат қосты бізді, жаным, бір арнаға, Сенің сұлу бейнең әлі күнге санамда. Өткен күндер көз алдыма менің тізіліп, Отырмын жалғыз үмітім сенен үзіліп. Қара күздің кеші көз алдымда менің, Жүректе есімің сақталды мәңгі сенің. Қара аспан қосылып менімен жылап тұр, Мен сені сүйемін әлі осыны біліп жүр. Жүрекке кірдің де, ойда жоқта шығып кеттің, Сүйіктім, бақытты бол, айтам деп ұмытып кетіппін. Алдадың ғой сүйемін деп мені көпіріп, Бәрі жалған, бар айтқаның сенің – өтірік. Соққан әр сағат сайын бармағымды тістеймін, Сені аңсап, армандаған күндеріме өкініп, күндеріме өкініп... Қайырмасы: (х2) Айтшы маған бұл өмірде саған не керек, Сені ойласам ауырады мендегі жүрек. Саған махаббаттың мүлдем керегі жоқ, Өйткені сенде бұлқынып соғатын жүрек жоқ, жүрек жоқ... Мұз да еріп бітті көтемдегі жаңбырдан, Сенің жылуың жанарымды менің талдырған. Аямастан алдадың нәзік сезімді, Талай рет сенсің ғой көңілді қалдырған. Жүрегімді көздеп атып жылаттың, Менің жалғыз кінәм – шын беріліп ұнаттым. Лайлауға қалай ғана дәтің барды екен?! Таза суын жүрегімде аққан бұлақтың. Ойламадым өзіңмен қоштасар күн туар деп, Бізбен бірге қоштасып аспан жылап тұрар тек. Сені, жаным,ешқашан көз жасым жібермейді, Өткен күнді саралап еске алғым келмейді... Қайырмасы: Айтшы маған бұл өмірде саған не керек, Сені ойласам ауырады мендегі жүрек. Саған махаббаттың мүлдем керегі жоқ, Өйткені сенде бұлқынып соғатын жүрек жоқ, жүрек жоқ...