Ак когершин (исполнитель: Арман)

1. Ақ көгершін жанары жалынышты,
Бір сезім бар бойымда әлі күшті.
Жеткізерсің, бәлкім, сен сол бір жанға,
Тарқамайтын мендегі сағынышты.

2.Ақ көгершін бейкүнә пәк бейнелі,
Махаббатым қажытты әбден мені.
Келер ме екен сен болып ол бір күні?
Қанатындай желбіреп ақ көйлегі.

Қайырмасы:

Білмеймін бақытымның жолы қандай,
Күн сайын торығамын соны ұға алмай.
Ән салдым оңашада тылсым сырлы,
Аңсаған арманыма жолыға алмай.

3.Ақ көгершін, сезесің өзің бәрін,
Бір жұлдызға қолымды созудамын.
Әттең, бірақ, білмейді-ау ол жұлдызым,
Көңілімде кіршіксіз сезім барын.

Қайырмасы:

Білмеймін бақытымның жолы қандай,
Күн сайын торығамын соны ұға алмай.
Ән салдым оңашада тылсым сырлы,
Аңсаған арманыма жолыға алмай.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Louis Armstrong Kiss to Build a Dream On  Where have you gone  Сизый Сергей Наговицын  8 mile batle  Ноггано - Школа  Чистый кайф Баста 
О чем песня
Арман - Ак когершин?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен