Сенен өзге кімім бар?! (исполнитель: Яссауи тобы)
Өзіңе аян, Хақ Тәңірім, Сенен өзге кімім бар? Бірсің, Барсың - сақта құлың Сенен өзге кімім бар? Сенсіз қайда кете алармын, Кім тыңдайды мұңымды, ал? Немен тірлік ете алармын, Сенен өзге кімім бар? Бір өзіңсің - табынарым, Мақсат - осы,шыным - дәл. Нұр себелер жаныма кім, Сенен өзге кімім бар? Сенсің қуат Тәнімдегі, Сенде - сырым ділім бар. Саған жалғар жаным мені, Сенен өзге кімім бар? Жерде барсың үңілсем мен, Көктен құйдың нұрыңды, ал. Алдымдасың - жүгінсем мен, Сенен өзге кімім бар? Қай кезде де - көзімдесің, « Сен! » - дегенде тілім - бал. Сөзімдесің - өзімдесің, Сенен өзге кімім бар? Пайғамбарға дұға қылсаң, Шапағатын ұғыңдар. « Қабыл ет! » - деп жыладым сан, Сенен өзге кімім бар? Жан - дұғамды қабыл қыл - ғын, Санамдағы жүгімді ал. Көз жасыма шомылдырдың, Сенен өзге кімім бар? Мен нәпсімді өлік қылдым, Тілім - шырын, үнім - нәр. Дәргейіңе келіп тұрмын, Сенен өзге кімім бар?