Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Егіздің сыңары Бір қараған жанарыңның өзі неге тең, Күн нұрындай төгіледі екен. Сыңарына ғашық болсаң егіз қыздардың Біреуі артық көрінеді екен. Елігім-ау егізіңмен теңесең мені, Жүрегіңнің төріне жетем. Бірге туып, бірге жүрген сендер түгілі, Қара тас та бөлінеді екен. Екеу боп келген бес күнге, Егіздің сыңары. Ұқсамайсың-ау ешкімге, Егіздің сыңары. Сен болмасаң уық сынып, кереге құлар, Арамыздың шегелері бар. Қосылмаған Қозы-Баян, Жібек-Төлеген, Ешкім емес өнеге қылар. Бұл әлемде әр Қозының өз Баяны бар, Әр Жібектің Төлегені бар. Саған менсіз, маған сенсіз өмір жоқ жаным, Басқа сөздің не керегі бар?!