Сені суйген акымак (исполнитель: 04 - Алпамыс жане Абылай Хан)
1 Оқиға ұзақ емес тыңдарман тыңдашы Он бесінші қараша сағат жетіден асты Жанымда бауырым екеуміз жолға шықтық Көргім келді сүйгенімді құшақтап бір сүйіп Сағындым ал ол құрбысының туған күнінде Шақырылмаған болсам да бардым оны көруге Кіріп келдім, отыр екен ол сонда Маған қарады, "Бері шықшы" дедім мен оған Күтіп тұрмын, біраз уақыт өтіп кетті Басымда мың ой өтіп, кейін жынданып кеттім Өзі шықпады, шықты құрбылары "Абылай қойшы болды" дегенді қайталады Қалай шыдайсың, осылай істеп тұрса? Қалай жынданбайсың, шақырсаң шықпай жатса? Бопты, көндім, қала бер сен сонда Көлігімді оталдырып, аттандым мен жолға... Алға бастым Тәуке ханның бойында Темекі көмек бермейді, қаным қайнауда Қол, аяқтар дірілдеп тер деген ағуда Көңілім сенбеуде, көрсеткіш 160та Қайырмасы: Неге өмірімде сен пайда болдың? Бірақ кенеттен ғайып болдың? Неге жүрегімде қалды махаббатым Мен тым сенгішпін әлде ақымақпын ба айтшы 2 Біраз күндер өтіп кетті сол оқиғадан Жүрегім жынданған, әлде де сағынған Білем пайда болған түсініксіздік арада Кінәлі сезінбейсің жүрекке жара қылсаң да Оны ұмыта бастадым жақсы көргенім үшін Түнде сыртқа шығып саған қоңырау шалдым Әңгіме басталды "Семен болғаныма өкінемін Семен жүрген уақыт маған қызық болмады" Көздегі жас, бұрқ етіп шыға келді Осыны естіген жүрек қысыла кетті Жарайды, менің сезімімді сен таптадың Осыдан бастап болсын сенің қалағаның Сүйгенім үшін жіберем, арманың орындалсын Менімен жүрген уақытты мүмкін ұмытасың Мүмкін атымды ұмытып, көргенде танымассың Білем сені сүйіп өткен мен ақымақпын 3 Махаббат бұл сенімсіз нәрсе Бір жарым жыл бұрын кірген жүрегіме Кімді кінәлаймын өзімді ме сені ме? Ақымақ екенмін берілген сезімге