Суйемин сени жаным(гитара) (исполнитель: Айдана Жаксыберген)

Сені алғашқы рет көргенде, жаным, 
Жүрегімнің бөлігі екеніңді бірден білдім. 
Қасыңа баруға батылым бармай, 
Айдай сұлулығыңа тең сырттай таңдандым. 

Мүмкін бұл сезім елес, Махаббат емес, 
Тек еш арудың сұлулығы саған жетпес. 
Әдемі келбетіңді түсімде көремін, 
Қасымнан өткенде қайталай беремін: 

Сүйемін сені, жаным, сүйемін сені, 
Мөлдір көзіңді, тәтті сөзіңді. 
Сүйемін сені, жаным, сүйемін сені, 
Махаббат неге сонша қинады мені

Білесің бе, бір көргенде ғашық болдым өзіңе. 
Аққу мойын, шие ерін, ботадай бір көзіңе. 
Бұл жалғанда сенен асқан асыл жоқ деп сенемін. 
«Ия» десең, от боп жанған жүрегімді беремін. 
Неге соншалықты ғашық қылдың мені өзіңе, 
Өмірімнің бәрін берем «Сүйем» деген сөзіңе. 
Бір күн атып, бір күн батып, уақыт өтіп барады, 
Саған деген Махаббатым жәй арман боп қалады.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Я застрелил друга жизнь сука 9 Gram  Эндшпиль SH Kera пробег по нервам  В день рождения твой  Зеркала Ирина  Ки ине кахомер  Ностальгия Бейбит Сейдуалиева  Мэхэббэтем Лилия Вахитова  Барби академия принцесса 
О чем песня
Айдана Жаксыберген - Суйемин сени жаным(гитара)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен