Пайғамбарға арнау [2015] [www.kazamuza.net] (исполнитель: Жігер Ауыпбаев)

Ізі бөлек, сөзі бөлек басқадан,
Адамзатты тура жолға бастаған,
Ұлы Алланың Рәсулы Мұхаммед!
Салаллаһу ғаләйһи уәссалам!
…
Азбасын деп адам ата ұрпағы,
Бірге атыпты болашақтың нұр таңы,
Мәуліт күні дүниеге келгенде-
Хабибуллаһ-қос дүние сұлтаны.
…
Адамзаттың теңдесі жоқ алғыры
Пайғамбармен бірге түскен таң нұры!
Ел рухы шөлдегенде жауыпты-
Әлемдерге рахмет жаңбыры.
…
Құран үні дүниеге жаңғырды,
Өшіп қалған рухтарды жандырды.
Естілгенде Хақ Тағала әмірі,
Өліп қалған жүректерге жан кірді.
…
Топастықты қылған кезде ел серік.
Надандықты, жамандықты еңсеріп.
Ұлы Алланың бұйрығына шыдамай,
Хира тауы-тіл қатыпты теңселіп.
…
Өз қамынан артық ойлап үмметін,
Үлгі қылған артына ол сүннетін,
Сол заманда соған қорған болыпты,
Дүниеде кімдер әлсіз кім жетім.
…
Толқып көлдер, тебіреніп шыңдар да,
Тәжім еткен періштелер, жындарда.
Тумай тұрып жетім етіп елшісін.
Хақ – Иесі дайындады сындарға.
…
Тәкаппарлық мекен еткен кеуделер,
Дүниенің қуат күші менде дер.
Күпірліктен індет алған жүректер,
Жалғыз шипа иманменен емделер.
…
Одан бұрын таңдар дұрыс атпаған,
Азаны жоқ кештер дұрыс батпаған.
Азған сұмдар ар-ұяттан аттаған,
Әлсіздердің намыстарын таптаған.
…
Табылмапты жер бетінен нақты адам,
Жер жәһәнді, күпір, үрей қаптаған.
Сау дейтіндей таза көңіл қалмапты,
Пенделіктің батпағына батпаған.
…
Мақтаулы деп, сенімді деп мақтаған.
Ұлы Алла ежелден пәк сақтаған.
Ұлылардың ең  ұлысы Мұхаммед,
Ондай мөлдір тұнықты  адам таппаған.
…
Оған барар мұсылмандар күн-түн деп,
Сағыныштан жүректері үлпілдеп,
Қарсы алады Пайғамбардың қаласы-
Мәдинәнің топрағы бүлкілдеп.
…
Мейірін төгіп мәнгі бақи аспаны,
Қарсы алардай Пайғамбардың Асхабы!
Айналғандай шәһиттердің қанынан,
Елжірейді Ұқыт тауы тастары.
…
Оның нұрын барлық ғалам аңсаған,
Ұлықтығы артық болған баршадан,
Пәк пейілмен, саф көңілмен жар салам.
Я,Мұхаммед,Уәссәләәтү Уәссәләм!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Сонце улибается  Лучшая подруга Северное сияние  Тес-хемим  Groove insane  ВДВ Разведка Гимн 45-го полка  Элаи оставь меня в покое  Капитан Америка Noize MC  You maKe me feel so right De Javu 
О чем песня
Жігер Ауыпбаев - Пайғамбарға арнау [2015] [www.kazamuza.net]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен