Атамекен [x-minus.org] (исполнитель: Роза алкожа)
Көл-дария көкірегімнен бір тұнба ашып, Мен тұрмын ата-баба жұртын басып. Жаутаңдап қазір менің жанарымда Тұп-тұтас жиырма жеті жыл тұр ғашық. Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп, Туған жер, мен сен салған құс түлетіп, Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп. О, менің мәңгі басар нық тұрағым, Қалайша махаббатымды ұқтырамын? Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын!