Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Сөзін жазған Қ. Мырзалиев Әнін жазған Н. Тілендиев Келгенде көктемі, Өңірін гүл басқан. Шырағы көктегі, Жұлдызбен. Өз елім менің – Өзегім менің, Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім. Қайырмасы: Түлегі сендер, Тілегі сендер, Тірегі сендер сол елдің. Назары сендер, Базары сендер, Ажары сендер сол елдің. Ақ күмбез астығы, Асқар боп өрлеген. Жалынды жастығы, Жүлдені бермеген. Өз елім менің – Өзегім менің, Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім.