Қазiр менен алыссың (исполнитель: BaGi)

Қазір менен алыссың

Қайырмасы: (x2)
Болдың менің қасымда, қазір менен алыссың,
Өз бақытыңды тауып, өзгеңді тауыпсың.
Еске алма өткенді, салатын жарасы көп,
Семен бірге болғым келеді, бірақ амал жоқ.

Бүгін кездестірдім бұрын жүрген қызымды,
Мені көріп бәрден көңіл күйі бұзылды.
Қарады маған сағынған көздермен,
Құлпырып кетіпті, өте қатты өзгерген.
Жақындап сөйлестім сұрап оның жағдайын,
Бәрі жақсы болса, мейлі, онда барайын.
Кетіп бара жатып қайта-қайта қараймын,
Ұзап барамын, отырған уақытымды санаймын.
Иіссуы менің басыды айналдырып
Бұл қыз кетті мені қатты тайраң қылып.
Кезінде айрылған едім одан сайраң қала,
Бір сәтке кетті ғой мені ойландырып.
Болды, енді маған түнде ұйқы жоқ,
Келді де, кетіп қалды алдыма сағым боп.
Жібермей тоқтатып алу керек еді, амал жоқ,
Өткеннің сағынышы есіп кетті самал боп.

Қайырмасы (х2)
Болдың менің қасымда, қазір менен алыссың,
Өз бақытыңды тауып, өзгеңді тауыпсың.
Еске алма өткенді, салатын жарасы көп,
Семен бірге болғым келеді, бірақ амал жоқ.

Өмір деген осындай – бағалай алмайсың барыңды,
Қайдан білейін, махаббат, мені сынарыңды.
Адасып сезімде, бағындыра алмай шыңдарыңды,
Білмеймін енді сенсіз қанша уақыт шыдарымды.
Білемін, кешірші, өзіңе адал жар бола алмадым,
Не үшін, неліктен мен өзіңді көп алдадым?
Мені кешіре алсаң, бұл дүниеде жоқ арманым,
Мен сені сағындым, айтарым сол, ардағым.
Білемін, сен қазір өзге жанның бақытысың,
Сені мұнша жәбірлегім келмеді, мені түсін.
Бір сәтке сені көргім келеді, қайда жүрсің?
Қайда жүрсең де, білесің бе, ойда жүрсің.
Бір күн алмастырып бір күнімді өтіп жатыр,
Сезім де тұрақсыз, қыздар келіп, кетіп жатыр.
«Жаным, күнім, сені сүйем» дегендер жетіп жатыр,
Сені бір кездестіру, білесің бе, ойымда тұр.

Қайырмасы: (x2)
Болдың менің қасымда, қазір менен алыссың,
Өз бақытыңды тауып, өзгеңді тауыпсың.
Еске алма өткенді, салатын жарасы көп,
Семен бірге болғым келеді, бірақ амал жоқ.

Кезінде қолымнан ұшқан ақ құсым өзің едің,
Көп қателік жіберілді, қазір өкінемін.
Бағасын енді түсіндім семен өткен күндердің,
Еске алмашы ол күндерді, сенен өтінемін.
Өтінемін еске алма мұңға толы күндерді,
Бірақ қалайша еске алмайсың бірге өткізген түндерді.
Бәріне себепші мен, кінәлаймын кімдерді,
Уақыт – ұлы емші, жүректерді емдеп үлгерді.
Сенің жіберген SMS-терің тұр ұялымда,
Бізді бірге елестетем, бірақ қиялымда.
Есіңде ме, соңғы рет кездесіп ек үй алдында,
Сенімен қоштасқан күн кетпейді, көз алдымда.
Әлі көз алдымда сенің жылаған көздерің,
Қатты қапаланып маған айтқан сол сөздерің.
Мен бәрін түсіндім, шыны керек өзгердім,
Бірақ мұның пайдасы жоқ, сен бақытысың өзгенің.

Қайырмасы: (x2)
Болдың менің қасымда, қазір менен алыссың,
Өз бақытыңды тауып, өзгеңді тауыпсың.
Еске алма өткенді, салатын жарасы көп,
Семен бірге болғым келеді, бірақ амал жоқ.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Лоик про украину  - Рэп Мой Radja  Диля Нигматуллина Марат Мухин пар канатлар  Последний карновал  Небо и земля ныне торжествуют  Heyday  Он простой пацан с района 
О чем песня
BaGi - Қазiр менен алыссың?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен