Құлайды тамшылар | .com/amangeldiev_bagi (исполнитель: BaGi)
Құлайды тамшылар Айтылмаған сөзім көп, көзіңнен жас үзіліп, Жанарыңнан бара жатыр бірте-бірте тізіліп. Тұра бердің сызылып, жүрегің жүре жылып, Қоштасуға қимаймын жүрек соғысы қуып. Айтқым келмесе де, айтайын, Қайтқым келмесе де, қайтайын. Сырымды дұрыс қой білгенің – Мен сені сүйемін. Айтқым келмесе де, айтайын, Қайтқым келмесе де, қайтайын. Сырымды дұрыс қой білгенің – Мен сені сүйемін. Қ-сы: Аспаннан жерге құлайды тамшылар, Құлайды тамшылар, жылайды таң-шуақ. Бірге болмағанымыз дұрыс шығар, Мүмкін дұрыс шығар, шешімін өзің шығар. Кейде маған бәрібір, өзімді ұстай алмаймын, Қараймын айналаға, мен өзі қандай-қандаймын? Сені ойлаймын, болар іс болып біткеніне, Керуеннің көші жүректің көшіп кеткенінде. Қуып жеткенімде оралмайтын дүние көп, Жүректің соғысында бұрынғыдай жылдамдық жоқ. Әңгіме көп жан-жағынан қаптаған, Барлығы тығырықтан тақалады тап саған. Білем, жаман жағынан жақсы танылдым, Сезімнің арифметикасы, жүйеден жаңылдым. Қасыңнан табылдым, алдаймын, табылмадым, Сезімде жаңылдым, мен сенен жаңылмадым. Қолымнан келетіні – қаңғыру жамырап, Менде бәрі жақсы, не деген сандырақ?! Бөлме де қаңырап, дүнием күйзелісте, Маған керек тайм-аут, шықтым үзіліске. Қ-сы: Аспаннан жерге құлайды тамшылар, Құлайды тамшылар, жылайды таң-шуақ. Бірге болмағанымыз дұрыс шығар, Мүмкін дұрыс шығар, шешімін өзің шығар.