Қинамашы (исполнитель: BaGi)
Қинамашы Қорықпаймын өлімнен, қорқамын жалғыз қалудан, Бақыттың бейнесін көркемдеп жалғыз салудан. Басты кейіпкері менің мелодраммамның, Ғайып болдың сен бейнесіндей жалғанның. Тағдырдың маған жазған алынбас биік шыңы, Қанша мұң сыйласаң да, көрінесің тым жылы. Мен өзіңе ғашықпын, бұл анық ақиқат, Ыстық лебізбенен бұл әуен саған арналады. Бүкіл менің өмірім арналады тек саған, Ұсташы қолымнан, қайта оралшы сен маған. Мүмкін емес, білем, қолымда кешсе ма еді, Алданып жас баладай, қиялданып сенемін. Қ-сы: Сен – мен үшін өте қымбат жансың, жаным, Менің қиялымда жүрген жалғыз арманым. Қарап көзіңе батамын бір тұңғиыққа, Қалдырдың мені, жаным, үлкен қиындықта. Қинамашы менің жүрегімді, жаным, Қинамашы менің қос жанарымды, арманым. Қинамашы менің қиналған рухымды, Сағындым сені, жаным, күлкіңді. Қинамашы, қинамашы, Қинамашы, қинамашы мені, жаным. Өмірім – театр, тағдырым өте зұлым, Махаббат менімен қойды түрлі қойылым. Қайғылы пьеса, соңында күткен өлім, Маған да жетті, бітті ең соңғы бөлім. Жүрегім үзілді, тіршілігін тоқтатты, Тек сені іздеді, тек өзіңді жоқтатты. Терезе тұсында ойнаған мұңды әуен, Туынды менікі, дирижері да – мен. Кейде сенем сенімсіз бір үмітке, Жылатсаң да мені, есімің тұр жүректе. Қаладым өзіңді, қырсық жанды аруым, Қажеті шамалы өткенді еске салудың. Бір күндік өмірмен өтер сенің ғұмырың, Жүрегіңе жол салып, қанша құлап, жығылдым. Қинадың мен, қинау – сенің кәсібің, Жылады рухым, сырт көздерден жасырдым. Қ-сы: Сен – мен үшін өте қымбат жансың, жаным, Менің қиялымда жүрген жалғыз арманым. Қарап көзіңе батамын бір тұңғиыққа, Қалдырдың мені, жаным, үлкен қиындықта. Қинамашы менің жүрегімді, жаным, Қинамашы менің қос жанарымды, арманым. Қинамашы менің қиналған рухымды, Сағындым сені, жаным, күлкіңді. Қинамашы, қинамашы, Қинамашы, қинамашы мені, жаным.