Тамды аруы (Гүлмира Ақүрпекова) (исполнитель: Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм))

Сөзі Қадыр Мырзалиевтікі

Жамалың жас көктемнің жамалындай,.
Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.
 
Қайырмасы: 
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.
 
Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.
 
Қайырмасы.
 
Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.
 
Қайырмасы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Nadir bayramli sevib sevenler  On-The-Go - fall asleep  Тихая ночь слова  Whistle 2011 Dj Ivan Frost  Little by Little Fritz Kalkbrenner  Сase depart  The Deep End Mister Black Remix Curses  ПОКА В ГРУДИ ОГОНЬ Рома ТягаЧ 
О чем песня
Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Тамды аруы (Гүлмира Ақүрпекова)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен