Сыр Сұлуы (Жеңіс Ысқақова) (исполнитель: Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм))

Сөзі З. Шүкіровтікі

Жайраңдап жазда ағатын еді,
Есімде қайран Сыр сұлу.
Таңертең сонда баратын еді,
Толқынға құмар бір сұлу.
 
Қайырмасы.
Аңсатса Сыр өңірі,
Ән тербер жүрегімді, 
Өзіңнен туған ұлың айналсын.
Жайқалған ақ күрішің,
Жаралған шаттық үшін,
Қайран сол, Сыр сұлуы, қайдасың?!
 
Тұрғандай қарап толқынды Сырға
Бір сұлу әсем жан сыры.
Сәуле боп ойнап жатқандай суда
Көзінің ерке жарқылы                                           
 
Қайырмасы.
 
Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан
Толқынды шашын күн қағып?
Қала ма қарап жағада тұрған,
Күріштің басы ырғалып?!
 
Қайырмасы.
 
Сыр бойы түгел сол қызды мақтап,
Жігіттер әнін шертеді.
Тізілген тісі күріштей аппақ,
Сырдан да жаны ерке еді.
 
Қайырмасы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Twerk It Like Miley feat Christopher Brandon Beal  Шумел камыш Кристина Беда  Улыбаться с тобой ST Мохито  Аня Анечка Анюта Ъ Анютка  Мама умней реприза  16 тонн Ботаника  Uninstall RUS Emnily  Наруто шипуден 4 опенинг 
О чем песня
Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Сыр Сұлуы (Жеңіс Ысқақова)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен