келынге осиет (исполнитель: Гаухар Алимбекова)
КЕЛІНГЕ ӨСИЕТ Әні: Әлімхан Оспанов. Өлеңі: Әскербек Рахымбеков. 1. Келін түсті, салты ғой бұрынғының, Біздің үйге бірі енді-ай бұрымдының. Ақ ниетпен аттаған босағасы, Ағарып тұр, әнекей, шымылдығы. Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда, Қызыл шарқат жүзіңді жасырғанда. Қандай ғана сезімде болдың екен, Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда? 2. Жайнап жүрсең, қып-қызыл кілемдейсің, Масатыдай құлпырып күлімдейсің. Қарияға сәлем бер, көңілі қалар, Қариялар қашанғы жүрер дейсің. Алдыменен өзіңді енең сынар, Емендей бол, бұл сынға емен шыдар. Жас келінге қаттырақ қарағаны – Ширатып бір алайын деген шығар. 3. Ерке өскен еліңнің елігі едің, Келін бол деп жіберді-ау сені елің. Енең байғұс толқып жүр, қайтсін енді, Сен оның ең алғашқы келіні едің. Атасын да осы елдің, анасын да, Сыйлай білгін, ажыратып жатасың ба? Қолдан келсе, үлкеннен бата алайық, Ықыласы үлкеннің батасында.